Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды. Санитарлық дәрігер қаладағы карантин режимі мен шектеу шараларын 17 тамыздан бастап эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Азық-түлік сатпайтын дүкендер мен зообақтың жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Құжаттың толық нұсқасын Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтынан көруге болады.