Көпбалалы отбасы баспаналы болды
Көпбалалы отбасы баспаналы болды
281
оқылды

2019 жылы «Nur Otan» партиясының Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша жеңілдік мөлшерлемесі 2%, бастапқы жарнасы 10% болатын «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы іске аса бастаған болатын.

Бағдарлама бойынша 2019 жылы 23 қала тұрғыны пәтерге ие болса, 2020 жылы 13 отбасы бас­панаға қол жеткізген. Солардың бірі – Жаңаөзен қаласында тұра­тын көпбалалы Жүнісбековтер отбасы. 2016 жылы Архат Жүніс­бековтің жұбайы қалалық гимна­зия орта мектебіне жұмысқа ор­наласып, мемлекеттік қызметкер ретінде тұрғын үй кезегіне тұрған. Былтыр «Бақытты отбасы» мем­лекеттік бағдарламасына өті­нім беріп, соның арқасында қазан айында көпбалалы отбасы санаты бойынша «Көктем» шағынау­да­нынан 2 бөлмелі пәтердің иесі атанады. Осындай жеңілдікпен баспанаға қол жеткізген отбасы мүшелері қазір дән риза. – Бұл  көпбалалы отбасыларға үй алу үшін өте жақсы бағдарлама. Қазір пәтер жалдап тұратын бол­саң айына кем дегенде 40-50 мың теңге қаражатың кетеді. Ал «Ба­қытты отбасымен» үй алсаң айына төмен пайызбен 50 мыңнан төле­сең де, өз үйіңе төлейсің. Бізге тиім­­дісі – осы. Осындай бағ­дар­ла­ма үшін ризашылығымды біл­дірімен, – дейді Архат Жүнісбеков.

М.ХАҚНАЗАР