Шетелде төлқұжатсыз қалған қыз елге оралды
Шетелде төлқұжатсыз қалған қыз елге оралды

Антальяның әуежайында төлқұжатсыз қалып қойған 15 жастағы отандасымыз 16 та­мыз күні елге оралды. Жағ­дайдың мән-жайын БАҚ-қа анасы хабарлаған.

Асыл Несіпбаеваның 15 жас­тағы қызы Антальяда төлқұжат­сыз қалып қойған. Оның айтуын­ша, бұл баланың жанына сенімді өкіл болып барған кісінің кінәсі. Қазір кәмелетке толмаған баланы бөтен елде қалдырып кеткен сенімді өкіліне қатысты қылмыстық іс қозғалған. «Қызым Қазақстанға жетті. Бізге Сыртқы істер министрлігі көмек көрсетті. Ол туристермен бірге қонақүйде болды.  Ми­нистр­­лік өкілдері қызымды ұшақ­тың бортына дейін апарып, мінгізді. Осы орайда олар қыз­мет­керлері баламның кіммен, қашан және қалай баратынын тыңғылықты нақтылап берді», – деді А.Несіпбаева. Оның сөзіне қараған­да, консулдық баланың елімізге сапарлауы үшін анықтама берген. Осы құжат арқылы ол Қазақстанға  келген. Белгілі болғандай, жақында 15 жастағы қазақстандық қызды сенімді өкілі Түркиядағы Ан­талья­­ның әуежайында қалдырып кеткені туралы ақпарат тараған. Дереккөзге қарағанда, аталған сенімді өкіл қыздың әкесімен азаматтық некеде тұрады. Олар Түркиядан Қазақстанға аттанар алдында жеткіншектің төл­құжаты жоғалғаны анықталған.

Айбике ЖАНАСЫЛ