«Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалының төрағасы Әмірхан Асанов партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірге қаладағы Родина орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының қалай іске асып жатқанын тексерді.
Бұл білім нысаны «Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасына енген. Осыған байланысты облыстық бюджеттен 453 миллион теңге қарастырылған. Қазір күрделі жөндеу жұмыстарын «Стройиндустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарып жатыр. Құрылыс барысын түгел тексеріп шыққан Әмірхан Біркенұлы мен партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мердігер компанияның басшыларына бірқатар кемшілікті атап көрсетіп, ескерту жасады. Сонымен қатар кезекті оқу жылының жақындауына байланысты барлық жұмыстарды сапалы істей отырып, жеделдетуді тапсырды.М.ЖАЛҒАСҰЛЫ