«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Ақтау қалалық филиалының бастамасымен өңірдегі жол құрылыстарының сапасын тексеріп, сараптау мақсатында қоғамдық бақылау іске асып жатыр.
Бақылау тобының құрамына қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Анар Шамшадинова, Маңғыстау облыстық филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес төрағасының орынбасары Киікбай Жақыпұлы, қалалық мәслихат депутаты Уайс Ерсайынұлы мен қоғам белсенділері кірген. Әуелі мониторинг жұмыстары Ақтау қаласындағы 8-шағынаудан аумағындағы жолдарға жүргізілді. Құрылысқа «Нұртас» ЖШС жауапты. Аталған құрылыс жүріп жатқан аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің көшелеріне төселген жолдың сапасы толық тексерілді. Партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында осы тәрізді қала ішіндегі жолдардың мәселесін шешу қарастырылған. – Жолдарды жөндеу және салу кезіндегі кемшіліктер жол сапасына кері әсер ететіні белгілі. Бірінші кезекте, мердігер ұйымдар жолдың қанша жылға дейін шыдас беретініне кепіл бола алуы тиіс. Ал оның барлығы сапаға байланысты екенін түсінсе керек, – деп атап өтті «Nur Otan» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Анар Шамшадинова. Комиссия мүшелері мердігер мекеменің басшыларына тұрғындардың арыз-шағымдарына орай автокөлік тұрақтайтын орындарды нақтылап беруді, балалардың ойын алаңын қоршау және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау қажетін ескертіп, ұсынысын жеткізді. Мониторинг қорытындысы бойынша, аталған тұрғын үйлердің құрылыс барысы, Жол картасында көрсетілген іс-шараларды уақытылы іске асыруды қамтамасыз ету және оның сапасына қатысты тексеруді күшейту жөнінде нақты тапсырма берілді. Айта кетейік, Ақтау қаласы бойынша сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасында көрсетілген барлық жұмыстардың іске асуын қадағалау үшін жауапты мемлекеттік орган мен мәслихат фракциясының арнайы мүшелері бекітілген. Осыған орай барлық істерді қоғамдық кеңес үнемі қатаң бақылайды.М.ТӨЛЕУ