Жалған «паспорт» жарға жығар немесе ауырғандар саны азаяр емес
Жалған «паспорт» жарға жығар немесе ауырғандар саны азаяр емес
178
оқылды

Қарағанды облысы әлі күн­ге дейін «қызыл аймақта». Ауыр­ған­дар саны азаяр емес. Ар­найы құрылған ауруханалар лық толы. Біз барған Қара­ған­ды қаласындағы №1 ауру­ха­нада да науқастардың саны артқан.

17 науқас ауыр халде жатыр

– Біздің №1 аурухана 5 ақпаннан бастап коронавируспен ауырғандарды қабылдайтын инфекциялық госпиталь ретінде қайта құрыл­ды. Мұнда 250 төсек-орын бар. Қазір науқастар­дың саны өсуіне байланысты қосымша 15 тө­сек дайындауымызға тура келді. Бұл аурухана – бірінші дәрежелі стационар. Октябрь ауданы­мен бірге Бұқар жырау мен Қарқаралы ауда­нына қызмет көрсетеміз. Науқастардың бәрі ковидпен ауырғандар. КТ-дан өткіземіз. ПТР-тест алып, барлық тек­серісті жүргіземіз. Біздің стационарда олар барлық емді алып, жазылып шығады, – дейді №1 аурухана директорының орынбасары Дмитрий Матюшко. Стационарда арнайы жабдықталған жан­сақтау бөлімі бар, онда ауыр халдегі 17 науқас жатыр. Көбінің өкпесі 90 пайызға дейін қа­бынған. Сонымен қатар жүрек, қант диа­бе­тімен ауыратындар да осында. Аяғы ауыр әйел­дер мен бала туғаннан кейін дертке шал­дыққандар да бар. Олардың бәрі осы ковидтің симптомымен түскендер. Арасында гемодиа­лиз алатын екі адам да бар екен. – Ауыр халде жатқандардың арасында вакцина алғандар жоқ. Орташа деңгейде ауырғандардың арасында бар. Бізде қазір 265 науқас емделіп жатыр. Оның 11 пайызы вак­цина алғандар. Бұл инфекция жұқтырған­дардың 4 пайызы ғана. Өздеріңіз көріп отыр­ғандай, 96 пайызы вакцина алмағандар. Әлеу­меттік желіде білгішсініп, елге ақыл айтқыш, науқастарды емдеп көрмеген, қалай емдеу керегін де білмейтін, медициналық білімі жоқ блогер, заңгер тағы да басқа мамандық иелері қаптап кетті. Сонымен қоймай, өздері құ­растырып, вакцинаға қарсы ойын жазып жа­тыр. Оған қарапайым халық сенеді. Олардың жазғандарының бәрі қате. Мысалы, антивак­сердің бірі «қалада вирус алғаннан кейін сонша адам өлді» немесе «бір­неше адам екпеден кейін ауырып қалыпты» деген қауесет таратады. Осыдан барып жасы ұлғайған кісілер, жастар да осы сөзге иланады. Сенгеннен кейін халық арасында өсек та­райды. Негізінде, нақты ақпаратты тек білікті мамандар айтуы керек. Және де халық осы мамандардың айтқанына құлақ асуы тиіс.

«Үйде бәріміз «вакцина алды» деген паспорт сатып алдық»

Жақында «вакцина алды» деген жалған паспортпен келген екі емделушіні әшкереледік. Олар өздерін алдағанымен қоймай, басқаларға да қауіп төндіреді емес пе? Сонымен бірге бір отбасы «үйде бәріміз «вакцина алды» деген паспорт сатып алдық» деп ашығын айтты. Өйткені ем алуға келгенде өтірік бәрібір анықталады. Тексеріп көргенде вакцина алған деген тіркеу Қарағанды облысында емес, басқа облыста болып шықты. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деген осы болса керек. Ауруханадағы дәрігер, медбике, санитар­лардың бәрі де осы науқастармен тығыз жұмыс істейді. Иә, мұнда қазір 200-дей адам еңбек етеді. Олардың 90 пайызы вакцина алды. Қалғандары медқарсылымы барлар. Осы уақыт ішінде дәрігерлер арасында тек 2 адам ауырып қалды. Әрине, олардың бұл вирусты қай жерде жұқтырғаны белгісіз. Оны ешкім дәлелдей де алмайды. Бұл жерде айтайын дегенім, екі қыз­меткер де вакцина алмаған, – дейді Дмитрий Матюшко. Біздің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі екенімізді білген науқастар өз жанай­қайын: «Елдің бәрі сенбейді. Коронавирус бар. Жеткізіңіздерші. Әзірге шетелге шығып де­малуды, той-томалақ өткізуді, халық көп жи­налған жерге баруды қоя тұрсыншы. Вакцина алып, өзіңізді ғана емес, жаныңыздағыларды да сақтаңызшы» деп жеткізуге тырысты. Айкен Айкен ЦАЙ:

«Өліп қала жаздадым...»

– Жасым 58-де. Мұнда жатқаныма 25 күн болды. 21 шілдеде түстім. Жедел жәрдеммен алып келді. Ба­сында қарағанда өкпе­нің қарайғаны 25 пайыз болса, кейін 95 пайызға дейін жетті. Күні-түні жанымнан кетпей, зыр жүгірген дәрігерлердің арқасында тірі қал­дым. Қазір жақсымын. Дәрігерлер өмірімді сақтап қалды. Өте қатты ауру бұл. Той дегенді ұмытыңыздаршы. Вакцина алыңыздар. Міне, соны білмей, білсек те, түсінгіміз кел­мей, тө­секке таңылдық. Өліп, тірілдім десем де бо­лады. Ақ халатты абзал жандар болмаса не болар еді деп ойлаймын. Қатты қорықтым. Әлі күнге дейін өз-өзіме келе алар емеспін. Дә­рі­герлерге рақмет. Бір ажалдан алып қалды. Вак­цинаға сенбеген жанның бірі едім. Енді шыққаннан кейін үш айдан соң бірден вак­цина аламын. Сіздер де вакцина алыңыздаршы. Бала-шағаларыңызды сақ­таңыздаршы. Жұмабек Жұмабек САДЫҚОВ:

«Ауа жетпей қиналып қала беремін...»

– Ковидтің тырнағына ілінгеніме үш-төрт күн болды. Суықтан деп жа­тыр. Дене қызуым түспей қойды. Бір ысып, бір то­ңып жатырмын. Арнайы аппаратпен дем аламын әзірге. Ауа жетпей қиналып қала беремін. Өз басым бұл аурудың барына сендім. Әр адам өзін сақтауы керек. Қазір көбі көп адам шақырып, той тойлап жүр. Әрине, тойсыз болмайды. Мереке де керек. Бірақ рұқсат етілген талаппен жүрсек керек. Вакцина алған жоқпын. Дегенмен дәрігерлер рұқсат берген уақытта екпе аламын. Татьяна Татьяна МЯЛЕНКО:

«Немереме ризамын...»

– Мұнда 2 тамызда түс­тім. Дене қызуым он күн бо­йы түспей қойды. Жа­сым 68-де. Ауру бастал­ған­да ауа жетпей, дем ала ал­май қиналдым. Өте қор­қы­нышты. Басқаның ба­сына бермесін. Жансақтау бөлімінде жатқан жоқпын. Бірақ алтыншы күні өмірмен қош­тастым деп ойладым. Өйткені өте ауыр жағдай болды. Тұн­шығып өліп қала жаздадым. Оттегі жаным­да, соның және дәрігерлердің арқасында аман қал­дым. Барлық медицина қызметкеріне айтар ал­ғысым шексіз. Мен немереме ризамын. Вак­ци­на басталған бетте екпе алды. Туған-туыс­тардың бәрін желкелегендей болып вакцина салдыртты. Соның арқасында жа­нымдағылар ауырған жоқ. Үйдегілердің ішінде мен ғана қант диабеті болып вакцина алмаған едім. Енді өкі­ніп отырмын. Мұндай қор­қынышты көргенше екпе ала беруім керек еді. Осы жерден жазылып шыққан соң вакцина аламын. Басқаларды да екпеге шақырамын. Ауруханада жатып таныс­тарымның бәріне телефон шалдым. Герма­ния­дағы туыстарыма да «вакцина салыңдар, бұл – ойнайтын ауру емес» деп көргенімді айттым. Валентина Валантина КУЗЬМИНА:

«Жолдамамен барамын деп опық жедім»

– Өзім мүгедекпін. Бу­рабай демалыс орнына жолдама берді, мен бар­дым. Сол жерде ауырып қалдым. 2 тамызда сұлқ құ­ладым. Үйде үш күн жат­тым. Дене қызуым көтеріліп, жағдайым ауыр­лап кетті. Осында жедел жәрдем алып келді. Дәрігерлер жанымды сақтап қалды. Карантин уақытында адамдар көп жүретін жерлерді жауып тастаса деймін. Өйткені сол мен барған Бурабайға бүкіл елден халық ағылып келіп жатыр. Дұрыс та шығар, жаз уақыты. Бірақ ешқандай санитарлық талап сақталмайды. Жер-жерде қоқыс, адамдардың бірінде бетперде жоқ. Асханаларда 250-300 адам тамақ ішеді, арақашықтық сақталмайды. Осыдан кейін ковидті жеңеміз деп қалай айтамыз? Той тойлауды, мерекелеуді қоя тұ­руы­мыз керек. Аман болып, осы пандемияны жеңсек, әлі тойлайтын күндер туады ғой. Әйт­песе, бұл пәлекеттің қайдан келіп жабысаты­нын ешкім білмейді. Ауырмаңыздар, сақта­ны­ңыздар, вакцина алыңыздар дегім келеді.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы