Александр Винокуров "Астана" велокомандасының спорт жетекшісі қызметіне оралады
Александр Винокуров "Астана" велокомандасының спорт жетекшісі қызметіне оралады
©newtimes.kz
159
оқылды

Александр Винокуров "Астанадағы" қызметіне оралады. Astana - Premier Tech сайтындағы мәліметке сүйенсек, команда 2022 жылғы маусымда өнер көрсетуін жалғастырады.

"Қазақстандық серіктестер келесі маусымда жобаны акционер және демеуші ретінде жалғастыратынын растады. Александр Винокуров 2022 жылы команданың спорт жетекшісі ретінде міндеттерін өз мойнына алады және велошабандоздар мен персоналды, сондай-ақ жобаның спорттық қызметін үйлестіру функцияларын атқарады", - делінген ресми хабарламада.

Велокоманда әлемдік велоспорттағы жоғарғы лиганың 17-маусымына дайындалып жатыр. Сайт мәліметі бойынша, жақын арада келісімшарттар ұзартылып, жаңа шабандоздар келісімге қол қоюы мүмкін.
Астана - Premier Tech ("Астана") - велоспорттан қазақстандық кәсіби команда, 2007 жылы құрылған.