Әнші Лидоға айыппұл салынды
Әнші Лидоға айыппұл салынды
©tengrinews.kz
273
оқылды

Алматының санитарлық қызметі 8 тамызда Royal Tulip Almaty қонақүйінде өткен жиынға қатысқан тағы екі адамға хаттама жасады.

Әнші Лидо (Лидия Досалина) мен фотограф Ришат Кәрімовке ӘҚБтК-ның 425-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалды.
Бап бойынша санкциялар 30 АЕК (87 мың теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуді қарастырады.
Бұған дейін шараны ұйымдастырушы "Е.М. Күлтасов" жеке кәсіпкерлігі, қонақүй менеджері, әнші Луина мен оның күйеуіне айыппұл салынған болатын. Сонымен қатар, әнші Бүркіт, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева, әнші және актриса Рано Умарова, продюсер Ләззат Биғалиева мен шоумен Кирилл Мейстер үшін хаттама жасалды.