Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
©caravan.kz
120
оқылды

Ақмола облысында басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысының "Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ол облыс кәсіпкерлерінен өз өкілеттігі аясына кіретін шешім қабылдағаны үшін ірі көлемде пара алды деп күдікке ілінді", - делінген хабарламада. 2021 жылдың 14 тамызда сот санкциясымен күдікті қамауға алынған. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.