Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев айтты.
Оның айтуынша, қазір коронавирус жұқтырған 195 бала ауруханада ем қабылдап жатыр.«Осыдан бір ай бұрын Алматыда бір айлық бала коронавирустан қайтыс болды. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қала алмадық», - дейді басқарма басшысы.
«Қазақстанда, әсіресе, Алматыда коронавирус жұқтырған балалардың саны артып келеді. Бүгінде 195 науқас бала ауруханада жатыр. 2540 бала үйден ем алуда. Екі бала жансақтау бөлімінде жатыр», - деп түсіндірді Нариман Табынбаев.