Ақтөбеде екі қызметкер жарылыс толқынының астында қалған. Маркшейдерлік жұмыстар кезінде тау-кен жұмысшысы қаза тауып, екінші учаскелік маркшейдер жараланды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Хромтау қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді.
«Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Апаттың мән-жайы мен себептері анықталуда», - делінген хабарламада.Дөң кен-байыту комбинаты – хром кентастарын өндірумен және оны байытумен айналысатын кәсіпорын. Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы Хромтау қаласында орналасқан.«Қазхром» ТҰК» АҚ басшылығы марқұмның туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан және зардап шеккен қызметкерлердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі.