Коронавирусқа қарсы дуаға сенген денсаулық министрі қызметінен босатылды

Коронавирусқа қарсы дуаға сенген денсаулық министрі қызметінен босатылды

 Шри Ланкада коронавирусты жұқтырған науқастардың күрт көбеюіне байланысты денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Бұл жайында  News18 сайты жариялады.

Бұған дейін денсаулық сақтау экс-министрі Павитра Ванняраччи коронавирусқа қарсы дуаға сенетіні үшін талай рет сынға ұшыраған. Тіпті, дуагерден коронавирусты жұқтырудан қорғайтын сиқырлы ішімдік алған.

Алайда артынан COVID-19 жұқтырып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Бұдан бөлек, Ванняраччи Шри-Ланкада коронавирус эпидемиясын тоқтатамын деп қасиетті суды өзенге төккен. Бірақ елде коронавирус жұқтырған науқастар одан азайған жоқ.

Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакс үкіметтің құрамын ауыстыруға шешім қабылдады. Денсаулық сақтау экс-министрі Павитра Ванняраччи көлік министрі қызметіне ауыстырылды. Ал оның орнына бұқаралық ақпарат құралдары саласын басқарған Кехелия Рамбуквеллеге келді.