Ақтөбеде әкесі, анасы және екі ұлы жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
Оқиға 16-тамыз күні сағат 19:15-те «Самара-Шымкент» автожолының Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанында болды. Шалқар ауданының 39 жастағы тұрғыны, Nissan X-Trail автокөлігінің жүргізушісі Қырғызстан Республикасының азаматы жүргізген Volvo FH460 жүк көлігімен соқтығысты.
"ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі, яғни, «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.