Ақтөбеде үш бала ГАЗель автокөлігін өртеп жіберді
Ақтөбеде үш бала ГАЗель автокөлігін өртеп жіберді
Ақтөбеде үш бала ГАЗель автокөлігін өртеп жіберді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 14 тамызында сағат 14.00-де Ақтөбе қаласының “Спецавтобаза-2” бау-бақша ұжымында ГАЗель (борттық) автокөлігі өртенді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметі жіберілді. ГАЗельге от қойған 5, 6 және 7 жастағы үш көрші бала болып шықты. Олар автокөлік бортында ойнап, орындықтағы губканы өртеп жіберген. Машина толығымен жанып кетті. Балалардың бұзақылығы үшін ата-аналары жауапқа тартылады.