Тоқаев Пан Ги Мунмен кездесіп, Ауғанстан мәселесі жөнінде сөйлесті

Тоқаев Пан Ги Мунмен кездесіп, Ауғанстан мәселесі жөнінде сөйлесті

Қазақсан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пан Ги Мунмен кездесті, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан Президенті Корея Республикасына жасаған мемлекеттік сапарын Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының төрағасы, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесумен түйіндеді. Тараптар жаһандық климаттың өзгеруі, экономиканы көміртегінен ада ету, «жасыл технологияларды» енгізу мәселелерін талқылады.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер мен заманауи сын-қатерлер туралы пікір алмасты. Пандемияға қарсы күресті күшейтуге және Ауған мәселесін реттеудің перспективаларына ерекше назар аударылды.