Елордада көше қиылысында билейтін қыз өзін ер адам ұрғанын айтып, полицияға шағым түсірді
Елордада көше қиылысында билейтін қыз өзін ер адам ұрғанын айтып, полицияға шағым түсірді
Фото: instagram/ aida_uau
125
оқылды
Нұр-Сұлтанда көше қиылысында билеген қыз өзін белгісіз біреу ұрғанын айтып, полицияға шағым түсірді.  Бұл ақпарат бойжеткеннің Instagram-дағы  парақшасында пайда болды. Айтуынша, ол бетін жауып үлгергенше белгісіз біреу оны аяғынан сыммен ұрған. Ол бұны дәлелдейтін фотоны көпшілік назарына ұсынды. Суреттен бойжеткеннің аяғындағы жарақатты байқауға болады. Куәгерлер шабуыл жасаған адамды суретке түсіріп үлгерген. Бойжеткен полицияға шағымданған. Аталған жайтқа қатысты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство 16 тамызда 102 пультіне өзін белгісіз біреу ұрғанын айтып, қыз қоңырау шалғанын хабарлады.