Ойнап жүріп, автокөлікті өртеп жіберді
Ойнап жүріп, автокөлікті өртеп жіберді
149
оқылды

Ақтөбеде 5, 6 және 7 жастағы үш көрші бала ГАЗельге от қойған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Оқиға 14 тамызда сағат 14.00-де Ақтөбе қаласының «Спецавтобаза-2» бау-бақша ұжымында болған. Балалар автокөлік бортында ойнап, орындықтағы губканы өртеп жіберген. Машина толық жанып кетті. «Оқиға орнына полиция қызмет­кер­лері мен өрт сөндіру қызметі жіберілді. Балалардың бұзақылығы үшін ата-аналары жауапқа тартыла­ды» делінген ресми хабарламада.

Мейірім БАҚЫТЖАН