Жалған паспорт жасатқандарға вакцина ақылы салынуы мүмкін
Жалған паспорт жасатқандарға вакцина ақылы салынуы мүмкін
107
оқылды

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин вакцинация төлқұжатын сатып алған азаматтарға вакцинаны ақылы салуды ұсынды.

Жандарбек  Бекшиннің ай­туын­ша, жалған вакцинация пас­портын сатып алған адамдар басқа азаматтардың денсаулығына және мемлекеттік бюджетке зиян кел­тірді. Себебі жалған паспорт жа­сал­ған жағдайда вакцинаның пай­да­ланылмаған дозалары жойы­лады. «Вакцина паспортын сатып алғандар, біріншіден, олар вакцина салғызбаған. Екіншіден, вакцина төгіледі. Сондықтан олар вакцинаны өз қаражаты есе­бі­нен алуы керек. Осылайша, олар қатесін түсінеді», – деді Бекшин. Алматы қаласы Қоғамдық ден­саулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, вакцинацияның жалған паспортын сатып алуға өз еркімен ниет білдіргендер үшін рақым­шы­лық жасау мәселесін қарастырып жатқанын айтты. Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі вакцинация паспорты мен ПТР-тестін бұрма­лау фактісі бойынша 110-нан астам қылмыстық іс қозғалғанын хабар­лаған еді. 28 құқықбұзушылықтың 20-ын медицина қызметкерлері жасаған. Әлеуметтік желілерді ба­қы­лау барысында ІІМ қызметкер­лері жалған вакцинация паспорты мен ПТР-анықтамасын сату тура­лы 70 хабарландыруды анықтады, олардың 37-і бұғатталды.

М.ҚАЙРАТҚЫЗЫ