Путинцева жеңіске жетті
Путинцева жеңіске жетті
98
оқылды

Теннисші Юлия Путинцева Цинциннати WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады.

Әлемнің 36-ракеткасы Юлия Путинцева бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 51-орында тұрған қытайлық Чжан Шуай­мен кездесті. Небәрі 46 минутқа созылған матчта отан­дасымыз  айқын басым­дылық көрсетіп, 6:2, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Ол бәсеке бары­сында 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнт­тың бесеуін пайда­ланды. Қарсыласы 1 эйспен ғана шек­теліп, брейк жасай алған жоқ. Осы­лайша, спортшылардың өз­ара кездесулеріндегі есеп теңес­ті – 2:2. Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, чехиялық Каролина Плиш­ковамен сынға түседі.

А. ЖОЛДАС