Қазақстанда айлық табысы ең жоғары 10 мамандық белгілі болды
Қазақстанда айлық табысы ең жоғары 10 мамандық белгілі болды
©otyrar.kz
369
оқылды

Көш басында жоғары менеджмент, ал соңында мемлекеттік қызметкерлер тұр.

Жоғары мененджмент саласында жұмыс істейтіндерге орташа есеппен санағанда 410 мың теңге жалақы төленеді. Ал құрылысшы, жылжымайтын мүлік, ақпараттық технологиялар сынды салаларда қызмет ететіндер шамамен 290 мың теңге көлемінде айлық алатын болып шықты.

Кеңесші және шикізат өндірушілердің еңбекақысы одан сәл төменірек болса, заңгерлер мен мемлекеттік қызметкерлер және коммерциялық ұйым жұмысшылары одан да аз алатыны белгілі болып отыр. Оларға айына 216 мың теңге шамасында жалақы төленеді екен.

Бұл рейтинг вакансия ұсынатын сайт мәліметі бойынша жасалғандықтан, тізімге дәрігерлер мен мұғалімдер кірмеген.