Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
"Өңірлерде вакцинаның қажетті мөлшері бар. Екпені жеткізу жұмыстары кестеге сай атқарылып жатыр. Қазіргі кезде барлық аймаққа Қытайда жасалған Vero Cell вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда", – деді Цой үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентін салдырған адамның саны 6,1 миллионнан асты. Ал екінші дозаны 4,8 миллионнан астам адам алды.