Қазақстан әлем елдерінің демократия деңгейі бойынша рейтингінде 167 елдің ішінде 128-орынға тұрақтады. Сөйтіп авторитарлық басқару режимі бар елдер санатына енді.
Рейтингті ұлыбританиялық The Economist журналының зерттеушілері жасаған. Онда Қазақстан индексі 3,14 болған. Бұл авторитарлық режим деңгейіне сәйкес келеді. Индекс мемлекет ішіндегі демократия деңгейін өлшейді және сараптамалық бағалау әдіснамасы мен қоғамдық пікірді сұрау қорытындысына негізделген: * сайлау процесі және плюрализм; * үкіметтің қызметі; * саяси қатысу; * саяси мәдениет; * азаматтық бостандық.