Елімізде алдағы үш күнде 41 градус ыстық болады
Елімізде алдағы үш күнде 41 градус ыстық болады
© egemen.kz
149
оқылды
«Қазгидромет» РМК 19-21 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. 
«Қазақстанның барлық аймағында антициклон ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана фронталды бөліктердің өтуімен қысқамерзімді жауын-шашын болып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, жел соғады. Күндіз солтүстікте 23-30 градус аралығында жылы болады, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста 25-40 градусқа дейін ысиды, орталық және шығыста – 17-35 градус аралығында жылы болады. Қазақстанның батысында ғана аптап ыстық болып, сынап бағанасы 32-41 градусқа дейін көтеріледі», – делінген хабарламада.