Ауғанстаннан 15 қырғызстандық Алматыға жеткізіледі - БАҚ

Ауғанстаннан 15 қырғызстандық Алматыға жеткізіледі - БАҚ

Қырғызстандық БАҚ Ауғанстаннан 15 қырғызстандық Алматыға жеткізілетінін хабарлады.  Қырғызстан азаматтары өз отандарына оралады, алайда олар алдымен Қазақстанға келеді, — деп хабарлады Sputnik Қырғызстан Ауғанстандағы Қырғызстан елшісі  Мирослав Ниязовқа сілтеме жасап.

"Оның айтуынша, қырғызстандықтар АҚШ-тың қолдауымен Алматыға жеткізіледі", — деп жазады басылым.