Елдос Сметовке жаңа автокөліктің кілті табысталды
Елдос Сметовке жаңа автокөліктің кілті табысталды
5,126
оқылды
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдо шебері Елдос Сметовті қабылдады, — деп хабарлады облыстық әкімдіктің ресми сайты. Кездесуде аймақ басшысы спортшының жетістіктерін жоғары бағалап, ол тек Жамбыл облысының ғана емес, еліміздің намысын абыройлы қорғап, мерейін тасытып жүргенін айрықша атап өтті.
- Жамбыл жерінен шыққан спорт саңлақтары аз емес. Солардың бірі де бірегейі – Елдос Сметов деп білеміз. Сенің жетістігің, спорттағы табыстарың – бүгінгі жас буынға үлгі-өнеге. Сен өзіңнің мықты спортшы екенінді тағы да дәлелдей түстің. Барша жанкүйерлердің үмітін ақтадың, — деді Бердібек Сапарбаев.
Сондай-ақ облыс әкімі Елдос Сметовке жаңа автокөліктің кілтін табыстап, алдағы уақытта да ел спортын дамыту жолындағы елеулі еңбегіне сәттілік тіледі. Ал жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді. Өз кезегінде дзюдошы да құрмет білдірген облыс басшылығына алғысын жеткізді.   Дереккөз – Жамбыл облысының әкімдігі @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.