Мемлекеттік туды көлік капотына ілген жүргізушіге 72 925 теңге көлемінде айыппұл салынды
Мемлекеттік туды көлік капотына ілген жүргізушіге 72 925 теңге көлемінде айыппұл салынды
140
оқылды
Көлігінің алдына мемлекеттік туды жайған атыраулық жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 16 тамыз күні Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері  Еркінов-Амандосов көшесінің қиылысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын автокөлігінің капотына жауып келе жатқан Kia Rio автокөлігін анықтады. Хабарлама бойынша Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жіберілді. Аталған автокөліктің 38 жастағы жүргізушісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 458-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қысқартылған тәртіппен 72 925 теңге көлемінде айыппұл салынды. https://www.youtube.com/watch?v=oc11Bbd4DpE