Сыртқы істер министрлігі Алматыға Ауғанстанның 200 азаматы мінген ұшақ қонғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. "Түрлі мессенджерлерде Алматы мен Шымкентке ауған босқындары келеді деген хабарлама жүр. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Ақпаратты СІМ-нен немесе жергілікті органдардан нақтылауды сұраймыз", – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте. Оның айтуынша, ауған босқындарын елімізде қоныстандыру жоспарланбаған.