Ауғанстанда қанша қазақстандық дипломат жұмыс істеп жатқаны белгілі болды
Ауғанстанда қанша қазақстандық дипломат жұмыс істеп жатқаны белгілі болды
© depositphotos.com
116
оқылды
Ауғанстан аумағындағы қазақстандық дипломаттар туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осыдан бірнеше күн бұрын біз Ауғанстан аумағында «Қазақстан азаматы жоқ» деген болатынбыз. Себебі бізге белгілі отандастарымыз ол жақтан шықты. Дегенмен соңғы 2-3 күннің ішінде Ауғанстандағы елшілікке Қазақстан азаматымыз деп бір топ адам жүгінді. Олардың тиісті құжаттары бар. Осыған дейін хабарлағанымыздай 25 адам Алматыға жеткізілді. Оның қатарында 15 ересек және 10 бала бар. Қазіргі таңда Ауғанстанда 10 қазақстандық дипломат қызметін жалғастырып жатыр. Олар штаттық режімде жұмыс істеп жатыр, қауіпсіздіктері қорғалған», – деді Айбек Смадияров тілшілерге берген сұхбатында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.