Қанат Ислам жақын арада кездесу өткізуі мүмкін
Қанат Ислам жақын арада кездесу өткізуі мүмкін
36 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) Түркияның Стамбул қаласындағы жаттығу жұмыстарын бастады, – деп жазады Vesti.kz. Жаттығу жұмыстарын Ислам Performans Spor Kulübü спорт залында өткізіп жатыр. Боксшы бір апта бұрын дайындыққа кіріскен. Ал бұған дейін Қазақстанда болған еді. Негізі Қанат Ислам маусым айында жекпе-жек өткізу керек еді. Алайда белгісіз себептерге байланысты кездесу өтпей қалды. Соңғы рет ол 21 ақпан күні Майами (Флорида штаты, АҚШ) қаласында эквадорлық Джейсон Миндаға (14-4-1, 8 КО) қарсы өткізіп, жетінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Сол кездесуден кейін боксшының менеджері Нельсон Лопес Ислам маусым айында шаршы алаңға оралатынын хабарлады. Ал жалпы биыл ол екі кездесу өткіземін деп айтып еді.