Қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан Нұрдәулет Қуанышбай (74 кг.) күрестен жасөспірімдер арасында Уфадағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Финалда ол америкалық Киган Отооледен жеңіліп қалды - 0:11. Осымен, еркін күрес өкілдерінің жарысы аяқталды. Қос балуанымыз ел қоржынына қос қоланы салды. 57 келіде Есенгелді Асылжан қола жүлдегер атанса, Бекзат Ермекбай 65 келіде үздік үштіктен көрінді.