Алматыда тұрғындар жолды жауып тастады
Алматыда тұрғындар жолды жауып тастады
Фото: Видеодан
170
оқылды
Алматыда «Премьера» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жолды жауып тастады. Тұрғындардың наразылығы әлуметтік желіде тарап жатыр. Тұрғындардың айтуынша, «Премьера» тұрғын үй кешенінің жарығын өшіріп тастаған. Сондықтан тұрғындар көшеге шығып, жолды жауып тастаған. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің хабарлауынша, компания мен «Құрмет Достар» пәтер иелері кооперативі арасында «Премьера» тұрғын үй кешенін электрмен жабдықтау туралы келісімге қол қойылған.
«Электр желілеріне қосылған әрбір үй белгілі бір мөлшерде электр қуатын алады. Түбіртекте тұрғын үйді ұстау құны мен кіреберістердегі жарықтандыру ғана кірмейді. Бұл сонымен қатар жылыту қондырғыларына, лифт, домофон, бейнебақылау, циркуляция сорғылары, үйлердің жоғарғы қабаттарына су айдайтын сорғылар, ішкі шығын арқылы электр энергиясын жоғалтуға жұмсалатын шығындарды қамтиды. Яғни жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етеді. Әрбір көпқабатты үйде электр жабдықтарының жеке жиынтығы бар және энергия шығындарын талап етеді, олар тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалатын шығындар ретінде төленуі тиіс», – деп хабарлады “АлматыЭнергоСбыт” ЖШС.