Әлеуметтік желіде №3 арнаулы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (жүйке-психикалық ауытқулары бар балаларға арналған мектеп-интернат) бұрынғы қызметкері түсірген видео тарады. Оның әріптестері горшокта отырған науқас балаларды унитаз тұтқасына жөргекпен және жаймамен байлап тастапты. Сондай-ақ, дәлізде селкілдеп жатқан баланың видеосы бар, - деп жазады "Ақ Жайық". [caption id="attachment_156895" align="alignnone" > ©wikipedia.org[/caption]
- Міне, ол жатыр, ешкім көмектеспейді. Бас медбике мүлде назар аудармайды. Ал ол бұрын тыныш бала болатын, - деп түсіндіреді видео авторы.Ол, сондай-ақ, беті қан болған қызды көрсетеді.
- Балалардың жарақаты бар, бірақ ешкім дәрі бермейді, - дейді ол.Бұдан басқа, ол бұрынғы әріптестерін ұрлық жасады деп айыптайды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі интернаттың екі тәрбиешісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы (Азаптау) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Тергеу шаралары жүргізілуде. Балалардан дене жарақаты табылған жоқ", - деп хабарлады Полиция департаменті.Сондай-ақ, видеоның сәуір айында түсірілгені, ал Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына шілдеде түскені белгілі болды. Басқарма бастығының орынбасары Альфия Төлеғариеваның айтуынша, жақында прокуратура мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның тексеру жұмыстары Орталықта ешқандай заңбұзушылықты анықтаған жоқ. Ал видео авторы Орталықтың мүлкін ұрлауға қатысы бар болғандықтан, барлық мән-жай анықталғанша жұмыстан шеттетілген. Еске салсақ, 2019 жылы бақылау камераларындағы жазбаға сәйкес, Орталық қызметкерлерінің қамқорлығындағыларды ұрып-соққаны белгілі болды. Кейін екі санитардың үш жарым жылға бас бостандығы шектелді.