Тоқаев пен Путин өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады

Тоқаев пен Путин өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі елдің өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл туралы Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Тоқаевпен кездесу кезінде айтты.

"Біз мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының кезекті форумына дайындалып жатырмыз", - деді Мишустин.

Ресей премьер-министрі Тоқаевқа Владимир Путиннің ең ізгі тілектерін жеткізді.
"Біз бауырлас Қазақстанмен достық пен серіктестікті, одақтастықты шынайы бағалаймыз", - деді Мишустин.
Ол, сондай-ақ, бірлескен жұмыстың үлкен мүмкіндігі бар екенін, үкіметтік желі бойынша күн тәртібі қалыптасқанын, сауда-экономикалық ынтымақтастық жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын айтты.

"Бірінші жартыжылдықта өзара тауар айналымы үштен бірге өсті. Жыл соңына дейін жақсы рекордтық көрсеткішті күтеміз және бұл үшін барлық алғышарт бар", - деп қорытындылады Мишустин.

Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының 17 форумы былтыр қарашада өтуге тиіс еді, алайда, іс-шара коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылға ауыстырылды.