Жетісайлық тұрғыннан 300-ге жуық сіріңке қорабына салынған есірткі тәркіленді
Жетісайлық тұрғыннан 300-ге жуық сіріңке қорабына салынған есірткі тәркіленді
©baq.kz
5,119
оқылды

Түркістан облысында ер адамнан 1 тоннадан астам және 300-ге жуық сіріңке қорабына салынған есірткі тәркіленді.

Polisia.kz-тің мәліметі бойынша, жергілікті полицейлерге Жетісай ауданында жергілікті тұрғынның бірі өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егіп-өсірумен айналысады деген хабарлама түскен. Олар бірден ақпараттың шынайылығына көз жеткізу мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстары нәтижесінде, үй ауласының артқы жағында есірткі тектес сора өсімдігін өсірген жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктінің ауласынан айғақты зат ретінде 840 түп өсіп тұрған есірткі затына ұқсас жасыл түсті, хош иісті өсімдікті тәркіледі.

Сонымен қатар тұрғынның учаскесіне кептіріп, жайып қойған тағы да 289 дана сіріңке қорабына салынған есірткі затының жапырақтары алынды.

Жетісай аудандық полиция бөлімінде аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен  тіркеліп, тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген түптердің 1 тоннадан астам «сора», ал сіріңке қорабындағы есірткі затының «кептірілген марихуана» екені расталды. Ал күдікті ер адам қамауға алынды. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.