ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 19 тамыз күні М.Жүнісов көшесіндегі бес қабатты үйде болған. Жергілікті сағат 17.11-де ата-анасының қарауынсыз қалған 6 және 3 жастағы ағайынды екі ұл бала 5-қабат терезінен құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды. Қазіргі мәлімет бойынша олар жабық бас-ми және іш жарақатын алып, милары шайқалған. Жағдайлары ауыр. Оқиғаны БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі де растаған.