Ұлт саулығын ойлау маңызды
Ұлт саулығын ойлау маңызды

«Nur Otan» партиясының Қызылорда қаласы филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы мәселелері және білім мен ғылымды дамыту» жөніндегі кеңес құрамы бас қосты. Сондай-ақ сайлауалды бағдарламада көрсетілген Тұрғындарды скринингтік зерттеулер жүргізумен қамтуды арттыру бойынша №6 қалалық емханада, қала мектептерін химия, биология, физика пәні кабинеттерімен жарақтандыру мәселесі бойынша Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектепте мониторинг жүргізілді.

Кеңес отырысында Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орын­басары Жалғасбек Тұрлыбекұлы тұрғындардың денсаулық жағ­дайына байланысты есеп берді. – «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын әрі осы қарап-тек­серу­лерді өткізудің қағидаларын, кө­лемі мен кезеңділігін бекіту ту­ралы» ережеге сәйкес, қала көле­мінде скринингтік тексеруге жас шамалары бойынша 2021 жылға жоспарланған тұрғындар саны – 134 689. 7 ай көлемінде тексеруден өткендер саны – 90 052 (66,9%). Анықталған науқастар – 3008 (3,3%). Нәтижесінде, 1 046 науқас анықталып, олардың 83 пайызы диспансерлік есепке алынды. Қант диабеті ауруы бойынша жоспарланған 28 465 тұрғынның 65 пайызы тексеріліп, 399 адамнан ауру анықталды. Олардың 37 па­йызы уақытылы диспансерлік есеп­­ке алынды. Ал глаукома бо­йынша 28 479 адам жоспар­ланып, толық скринингтік тексерумен 65,6 пайызы қамтылды. 199 науқас анықталып, оның жартысы дис­пан­серлік есепке алынды, – деді ол. Сонымен қатар сүт безінің қа­терлі ісігі бойынша жалпы жос­парланған 17 945 әйелдің 11 мың­нан астамы тексеруден өткен. 1 060 әйелден ісік алды ауру және 21 әйелден ерте сатысындағы қа­терлі ісік ауруы анықталған. Жа­тыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу бойынша жүргізілген скри­нинг­тік тексерулермен жоспар­лан­ған 15 314 әйелдің 11 596-сы қамтылған. 265 әйелден ісік алды, 12 әйелден ерте сатысындағы қатерлі ісік анықталыпты. Тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісік ауруы бойынша жоспарланған 16 024 тұрғынның 11 620-сы тек­се­рілген. 39 науқас анықталып, оның ішінде 6 қатерлі ісік анық­талыпты. Жалпы, қала тұрғында­рын скринингтік тексеру жұмыс­тары жыл соңына дейін жалғаспақ. Бұдан бөлек, Жол картасы бел­гіленген 2025 жылға қарай Қызылорда қаласының барлық мектептері химия, биология, фи­зика пәндері кабинеттерімен ке­зең-кезеңімен жарақтандыру мәселесі бойынша Қызылорда қа­лалық білім бөлімінің бас­шысы Динара Қонақбайқызы баяндады. – 2020-2021 жылғы оқу жы­лында қалалық білім бөліміне қа­расты білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қорын нығайту бағытында 48 жаңа моди­фикациялық кабинеттермен қам­тамасыз етуге 383 миллион теңге қаржы қаралды. 16 физика, 14 химия, 18 биология кабинеті жаб­дықталды. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 2021-2022 жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарының 9 мекемесіне заманауи 11 модификациялық кабинет іске қосылады деп жос­парладық. Жиын кезінде партия тара­пынан «Ұлт денсаулығы мәселе­лері және білім мен ғылымды да­мыту» жөніндегі мәселелерді әлі де зерделеп, жауапты мамандарға проблемалардың шешімін табу тапсырылды.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ