Аймақтың экономикалық жағдайы баяндалды
Аймақтың экономикалық жағдайы баяндалды
146
оқылды

Мемлекет басшысы Шы­ғыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады. Бұл тура­лы Ақорданың баспасөз қыз­меті хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовтің аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдады. Облыс әкімінің айтуынша, физикалық өсім индексі 5 пайызға жетсе, негізгі капиталға салынған инвестиция 5 пайыздан асқан. Ауыл шаруашылығы мен құрылыс са­лаларында да едәуір өсім байқалады. Кездесуде экономиканы одан әрі дамыту перспективалары тал­қыланды. Атап айтқанда, өндіріс қарқынын екі есе арттыруға мүм­кіндік беретін «Ақтоғай» метал­лургия кешенінің екінші кезегін аяқтау мәселесі сөз болды. Даниал Ахметов Мемлекет басшысын бұқаралық спортты дамыту жөнінде берген тапсыр­маларының орындалу барысы туралы да хабардар етті. Мек­тептегі спортты дамытуға қо­сым­ша 890 миллион теңге бөлін­ген. Бүгінде мектеп оқушыла­рының 50 пайыз­дан астамының спортпен шұғыл­дануға мүм­кін­дігі бар. Биыл тағы 15 ірі спорт ны­санының құрылысын аяқтау жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев мем­лекеттік әлеуметтік міндеттемелерді орындау маңызды екенін атап өтіп, өңірдегі көпбалалы және аз қам­тылған отбасыларға үздіксіз көмек көрсетуді тапсырды.