Әр азаматтың аманаты – басты назарда
Әр азаматтың аманаты – басты назарда
171
оқылды

Парламент Мәжілісінің депутаттары Мәлік Құлшар мен Снежанна Имашева Батыс Қазастан облысына жұмыс сапарымен келді.

Халық қалаулылары ең алдымен тұрғындар мен жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесіне ден қойды. Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының орындалуымен қатар, аталған мәселені шешуде өзіндік ықпалы бар кеңсе мен үйге арналған ірі корпустық жиһазды құрастырушы «Квант» ЖШС фабрикасының жаңа цехтарының жұмысымен және қызметкерлердің өндірістегі жағдайымен танысып, жұмыс барысын тексерді. «Квант» ЖШС жиһаз фабрикасы шамамен құны 2 млрд теңге болатын жаңа цех ашып, 22 мыңдай өнім түрін өндіріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Кәсіпорын 2015 жылы «Бизнестің Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында іске қосылған. Экспортталатын өнімдердің негізгі бөлігі Арменияға, Қырғыз Республикасына және Ресейге жеткізіледі. Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау білдіруде. Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасы аясында белгіленген барлық индикаторды жүзеге асыру мақсатында компания басшылығының жыл сайын жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, өңіріміздегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге елеулі үлес қосып жатқанын баса атап өтті.

М. ХАҚНАЗАР