Алматыда емхана басшысы ұсталды
Алматыда емхана басшысы ұсталды
©caravan.kz
123
оқылды

Алматыда емхана меңгерушісі жалған вакциналау паспортын сатқаны үшін ұсталды. Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, оның қарамағындағылар мен делдалдар да ұсталды.

Олар ақшалай сыйақыға 100-ден астам жалған вакциналау паспортын жасап, оны сатты деген күдікке ілінді. Яғни, медицина қызметкерлері денсаулық сақтау министрлігінің "Вакциналау" электронды модуліне жалған ақпарат енгізген. Соның негізінде "egov.kz" электронды үкімет порталында азаматтардың коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғаны туралы жалған электронды паспорттар жасалған.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот қабылдайды.