Елорданың тәжірибелі кардиохирургтар туа бітті жүрек ақауы бар 14 жастағы балаға ота жасады. Бұл - ТМД бойынша алғаш рет әлемдегі ең кішкентай кардиостимуляторды орнату отасы.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың 7 жасында қарыншааралық қалқан ақаулары анықталып, оның трикуспидалық қақпақшасын түзеткен. Бірақ бұл ота үшінші дәрежелі АВ-блокадаға – жиі кездесетін асқынуға алып келді.
Жүректе мұндай тосқауыл тұрғанда жүрекшелер мен қарыншалар арасында байланыс болмайды. Бұл жүрекшелер мен қарыншалардың бөлек соғуына алып келеді, әйтсе де жүрек синхронды түрде жұмыс істеуі тиіс. Мұндай жағдай адам үшін өте қауіпті және дереу емдеуді қажет етеді. Солай жасалды да: отадан кейін науқасқа электродтары бар әдеттегі кардиостимулятор (ЭКС) қойылды (имплантацияланды), - дейді Жүрек орталығының интервенциялық аритмология бөлімінің меңгерушісі Аян Сүлейменұлы Әбдірахманов.
Алайда осы уақыт ішінде бала өсті, яғни имплантацияланған кардиостимулятор мөлшері сәйкес келмеді. Сондықтан оны шешіп, жаңа Micra AV электродсыз кардиостимуляторын салған.
"Науқастың жағдайы айтарлықтай жақсарды, ал жүрекшелер мен қарыншалар арасындағы синхронизация 80 пайызға жетті", — дейді дәрігер.