Дәрігерлер коронавирус жұқтырғандарды тырнағынан байқауға болатынын айтты
Дәрігерлер коронавирус жұқтырғандарды тырнағынан байқауға болатынын айтты
©massaget.kz
173
оқылды

Ұлыбританиялық дерматологтар қауымдастығының президенті Таня Блейкер, адамның тырнағы арқылы бұрын коронавирус жұқтырғанын анықтауға болатынын айтты.

The Sun басылымының хабарлауынша, ауру кезінде тырнақ өсуін тоқтатады. Маманның айтуынша,  екі-үш аптадан кейін тырнақ пластиналарында ұсақ ойықтар және Миса сызықтары деп аталатын айқын, ақшыл көлденең сызықтар пайда болады. Бұл белгілер безгек және лимфома сияқты жұқпалы аурулар кезінде де көрінуі мүмкін.

Сондай-ақ, COVID-19 науқастарында тырнақ түбінің қызару жағдайлары тіркелді. Бұл ұсақ тамырлардың қабынуы салдары болуы мүмкін.

Аурудың тағы бір белгісі, аурудан кейін тырнақтың ұшы сарғыш болуы мүмкін. Бұл симптом коронавирус жұқтырған егде жастағы әйелде байқалды. Тырнақ түсінің өзгеруі диагноз қойылғаннан кейін 16 аптадан соң пайда болды.  Қолдың тырнағы шамамен алты ай ішінде мүлдем өзгереді.