Сәтбаев тұрғынын өлтіріп кетті

Сәтбаев
©inform.kz

Полицейлер Сәтбаев тұрғынын өлтіріп кеткен адамды анықтап жатыр.

Polisia.kz-тің мәлімдеуінше, 20 тамыз күні сағат 01:00 шамасында белгісіз біреулер қарумен 41 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғынын өлтіріп кетті.
Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға орнында Қарағанды облыстық полиция департаменті мен Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің жедел тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс бойынша әртүрлі нұсқалар тексерілуде. Күдіктіні анықтап, қылмысты ашу бойынша жан-жақты кешенді іс-шаралар қолға алынды.

 

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.