Достары қорқып, 12 жастағы баланың суға батып кеткенін ата-анасына айтпаған
Достары қорқып, 12 жастағы баланың суға батып кеткенін ата-анасына айтпаған
©stan.kz

Павлодарда шомылып жүрген 12 жастағы бала Ертіске батып кеткен. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

“19 тамызда сағат 00:10-да Павлодар қаласының полиция қызметінің жедел кезекші бөлімінен сағат 14:30 шамасында Ертіс өзеніне 2009 жылы туған жасөспірім батып кетті деген хабарлама келіп түсті. Бұл күні шамамен 11:12-де, бала достарымен серуендеу үшін үйден шығып, қайтып оралмаған”, – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті.

Сағат 22:00 шамасында ата-аналар полицияға жүгінген. Істі қарау барысында, достарының айтуынша, баланың өзенде суға батып кеткені анықталды. Қорқып кеткен балалар бұл туралы марқұмның ата-анасына айтпаған.