Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?
© aattyq-ruhy.kz
155
оқылды
"Қазгидромет" РМК 21-23 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына әсерін сақтайды. Негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-шығыс пен батыста фронталь бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.
"Оңтүстік өңірлерде құмды дауыл мен жел күшейеді. Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта - 23...35 градус, оңтүстік және оңтүстік-шығыста - 28...39 градус, шығыста - 17 ... 28 градус болады. Елдің батысында әлі де ыстық ауа райы сақталады және сынап бағанасы 33 ... 41 градусты көрсетеді", – делінген хабарламада.