Базар мен дүкендегі баға: мектепке дайындыққа қанша теңге керек?
Базар мен дүкендегі баға: мектепке дайындыққа қанша теңге керек?
Фото: Радмир Фахрутдинов
395
оқылды

Биыл оқушылар сабақты мектепке барып оқиды. ҚР Білім және ғылым министрі оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейтінін айтты. Сонда да баланы мектепке дайындау мәселесі пандемияға дейінгі жылдардағыдай қайта өзекті болып отыр. Aikyn.kz тілшісі астанадағы базарлардың біріне барып, мектепке қажет тауарлардың бағасын біліп, ата-аналармен тілдесіп қайтты.

Мектеп жәрмеңкесіндегі киімдердің көбі Бішкектен жеткізілген. Ондағы бағалар салыстырмалы түрде арзан. Қыздар үшін Мектеп формасы - 6000 теңге Жейде - 3800 теңге Белдемше - 3500 теңге Бантик (жұп) - 1000 теңге Ұлдар үшін Шалбар - 3500 теңге Жейде - 2500 теңге Туфли – 6000 теңге Спорт киімі – 12 000 теңге Кроссовка – 6500 теңге Сөмке - 4000-9000 теңге Оқу-құрал жабдығын түгел салса, бір балаға 30-40 мың теңге шығады. Ал тек қажет заттарды теріп алса, бір балаға - 28 000 теңге. [caption id="attachment_157764" align="aligncenter" width="1200"]оқу-құрал жабдығы Фото: Радмир Фахрутдинов[/caption] [caption id="attachment_157640" align="aligncenter" width="1200"]мектеп сөмкесі Фото: Радмир Фахрутдинов[/caption] Түске дейінгі уақытта жәрмеңкеде ешкім болмады. Көп адам базардың ішіндегі дүкенде жүрді. Дүкендегі көп тауар Ресейде өндіріліген. Ол жерден мектепке қажет барлық затты табуға болатын еді. Ондағы киімнің орташа бағасы мынадай: Қыздар үшін Жеңі ұзын жейде - 7400 теңге Жеңі қысқа жейде - 3700 теңге Мектеп формасы - 6400 теңге Белдемше - 2699 теңге Туфли 3399 - 9699 теңге Сөмке 19 - 20 мың теңге Ұлдар үшін Жейде - 4900 теңге Костюм - 5499 теңге Жакет - 5499 теңге Шалбар 3999 - 7999 теңге Костюм-шалбар - 8999 теңге Туфли 3899 - 9699 теңге Сумка 19 -20 мың теңге Ата-аналардан мектепке бару үшін не сатып алып жатқанын, қанша ақша жұмсағанын сұрап көрдік.
"Бәрін бір жерден алғымыз келген. Бірақ мына дүкенде бірі арзан болса, бірі қымбат. Сосын алғасын, сапалысын алғымыз келеді. Балам биыл 2-сыныпқа барады. Жейдені 5 мың теңгеге, шалбарды 7 мың теңгеге сатып алдым. Бірақ рюкзак 25 мың теңге екен. Қымбат болғасын алған жоқпыз. Былтырдан қалған оқу-құралдары бар, қазір керек деген заттарды алғанда 20 мыңдай шықты. Сонда жалпы бір балаға шамамен 50 мыңдай жұмсадым", - дейді Гүлнұр Алпамысова.
[caption id="attachment_157755" align="aligncenter" width="1200"]оқушы Фото: Радмир Фахрутдинов[/caption] Биыл 3 баласын сабаққа дайындап жүрген Айжан Қалмағамбетова бір баласына 70 мың теңге жұмсаған.
"Түгел киіндіріп жатқан жоқпын. Жай алғанда бір балаға 70 мың теңге жұмсадым. Бір аяқ-киімді 18 мыңға, красовканы 12 мыңға алдық. Ұзаққа жетуі үшін сапалысын алуға тырысамын. Сол үшін де бағасы қымбат шығып жатыр", - дейді ол.
Ал Қазақстанда тігілген мектеп формасын сататын дүкеннің алдында адам көп. Онда 1-сыныпқа баратын баланы киіндіруге 50 мың теңге шығады. [caption id="attachment_157758" align="aligncenter" width="1200"]дүкен, мектеп формасы Фото: Радмир Фахрутдинов[/caption] Қазақстанда тігілген кіимдердің бағасы мынадай: Қыздар үшін Жейде - 5500 теңге Шалбар - 7000 теңге Жакет - 13 000 теңге Белдемше - 7000 теңге Сарафан - 6000 теңгеден басталады Ұлдар үшін Жейде - 6000 теңге Шалбар - 7000 теңге Жакет- 4500 теңге Пиджак - 13 000 теңге Спорт киімі –  8000 теңгеден басталады Ата-ана баласын классика стильде киіндіре алады. Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметшісі Мөлдір Абдуалиева мектеп формасына қатысты қатаң талаптар болмайтынын ескертті. Шалбар мен белдемше қара көк, қара жасыл, қара болуы керек – ата-ана мен мектеп оқушысының қалауына қарай.
"Елдегі санитар-эпидемиология және әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, келер оқу жылында классикалық стильдегі ыңғайлы киім киюіне болады. Классикалық стильдегі киімнің түсі мен пішімі, матасы ұстамды және қатаңдау болғаны жөн. Сондай-ақ, киімнің үстіңгі бөлігін ашық түсті, ал төменгі бөлігін қаралау етіп таңдаған дұрыс", – деді Мөлдір Абдуалиева.
Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл 1 қыркүйекте 3,5 миллионнан астам бала мектепке барады. Елде 7 475 мектеп жұмыс істейді. [caption id="attachment_157832" align="alignnone" width="340"]мектеп форма ©А.Ахметқазы[/caption]