Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина алғаннан кейін коронавирустан қайтыс болғандар санын жария етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Жалпы, коронавирус инфекциясынан 4 969 адам, оның ішінде вакцина алған 115 адам қайтыс болды. Яғни, бұл жалпы қайтыс болғандардың 2,5 пайызы. Қайтыс болғандардың басым бөлігі, 97,7 пайызы вакцина алмағандар. Бізде өңірлер ішінде де мәліметтер бар. Вакцина алғаннан кейін қайтыс болған адамдардың созылмалы аурулары болған. Дәл осы жайт олардың жай-күйлерінің нашарлауына және өмірден озуына себеп болған", – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.Оның атап өтуінше, созылмалы аурулары бар азаматтарға вакцина алуға кеңес беріледі. Өйткені, олар қатер төнетін топқа жатады.
"Бірақ, тағы да қайталап айтқым келеді, қайтыс болған азаматтардың басым бөлігі вакцина алмаған. Күрделі аурулардың барлығы семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесіндегі, тыныс алу жүйесіндегі ауруларға байланысты", – деді ол.