Павлодарлықтар Маңғыстау облысына 250 тонна жем-шөп жіберді - #bizbirgemiz

Павлодарлықтар Маңғыстау облысына 250 тонна жем-шөп жіберді - #bizbirgemiz

Қуаңшылықтың салдарынан төрт түлігіне азық таппай қысылған Маңғыстау өңіріне көмек көрсету мақсатындағы ізгілікті істі Павлодар облысы да қолға алды. Мейірімділік эстафетасына Павлодар облысының тұрғындары бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыла кірісіп кетті. Бүгінгі игі акцияға «Biz birgemiz» ұранымен облыс көлемінде шаруа қожалықтары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ерікті азаматтар, облыс тұрғындары үлес қосты. Шөп тиеу жұмыстарына Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Қорғаныс департаменті мен Полиция департаментінің жеке құрамы күштері мен еріктілер, сондай-ақ өңірдің жанашыр тұрғындары атсалысты. «Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық  филиалы мен «Jas Otan» жастар қанаты да бұл іс-шараға етене араласты. Облыстық партияның бастауыш партия ұйымдары мал азығын жинастыру мен жеткізілуін ұйымдастыруға көмектесті. Қуаңшылыққа тап болған Маңғыстау өңірінің фермерлеріне Павлодар облысы әкімдігінің бастамасымен гуманитарлық көмек ретінде Жолқұдық станциясынан 12 вагонға тиелген жалпы көлемі 250 тонна болатын эшалон жөнелтілді. Осындай қиын кезеңде шалғайда жатқан маңғыстаулық ағайындарға қолдау көрсету біздің еліміздің бірлігі мен азаматтығымызды білдіреді. Алдағы уақытта да мұндай игі істер жалғасын тауып, осындай мәселелерді біріге жеңеміз деген ойдамыз.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от «Nur Otan» Павлодар облысы (@nurotan_pvl)