Елімізде сенбі күндері қатаң карантин жеңілдетілуі мүмкін
Елімізде сенбі күндері қатаң карантин жеңілдетілуі мүмкін
Фото: zakon.kz/Павел Михеев
165
оқылды
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният жыл басынан бері балалар арасында инфекция жұқтыру көрсеткіші бес есеге артқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Биыл 49 791 мың бала коронавирус инфекциясын жұқтырды. Олардың ішінде 179-ы жаңа туған сәбилер. 88,8 пайызы емделіп шықты, алайда бір тәуліктің ішінде КВИ жұқтырған балалар арасында 531 жағдай тіркелген. Бүгінде стационарларда 700-ге жуық бала емделіп жатыр. Олардың 0,2 пайызының жағдайы ауыр. Жыл басынан бері балалар арасында инфекция жұқтыру көрсеткіші бес есеге артқан», – деді Ажар Ғиният.
Ал Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой демалыс күндеріндегі локдаун мәселесіне де тоқталып өтті.
«Атамекен» ҰКП бізге демалыс күндеріндегі локдаунды жеңілдету бойынша ұсыныстарын айтты. Алдағы аптада эпидемиологиялық ахуал тұрақты болса, сенбі күнгі локдаунды жеңілдету мәселесін қарастырамыз. Алматыға қатысты айтар болсам, ол жақтағы жағдай күрделі, өлім саны азаймай тұр. Сондықтан, қазіргі талаптардың қатаң болғаны абзал», – деді Алексей Цой.