Алматы полициясы велосипед ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Велосипед ұрлығын 29 және 28 жастағы жергілікті тұрғындар жасағаны анықталды. Ер адамдар бұрын да осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін жауапқа тартылған.
– Қаскөйлер үй кіреберістеріне түнде кіріп, адамдардың велосипедтерін айдап кетіп отырған. Тростарды арнайы құралдармен кескен. Ұрланған велосипедтерді бөгде адамдарға нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен бағаға сатқан. Ұсталғандардың біздің аудан аумағындағы осындай үш ұрлыққа қатысы анықталды. Біз қаскөйлердің бүкіл қала бойынша ұрлық жасауы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты қазіргі уақытта басқа қылмыстық эпизодтарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Күдіктілердің екеуі де қамауға алынды, – деді Бостандық ауданы Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.