CІМ: Қазақстан «Талибан» қозғалысын ресми түрде мойындамады
CІМ: Қазақстан «Талибан» қозғалысын ресми түрде мойындамады
136
оқылды

Қазақстан «Талибан» қоз­ға­лысын ресми түрде мойындамады, бірақ тәліптер Ка­бул­дағы қазақстандық дипло­матиялық миссияны күзетіп отыр. Бұл туралы Қазақстан­ның  Сыртқы істер вице-министрі Ақан Рахметуллин мәлім­деді.

«Кабулдағы біздің елшіліктің мәлі­метінше, талибандықтар Ка­бул­ды басып алған уақытта кей­біреу­лері біздің елшілік орналасқан ғимаратқа кірген. Біздің елші сырт­қа шығып, олармен сөйлес­кен. Олар: «Кімсіздер? Қандай елшілік?» деп сұраған. Біздікілер бұл Қазақстанның елшілігі деп жауап берген. Олар: «Қорықпай жұмыс істей беріңдер, сіздер біздің қорғауымыздасыздар, – деп жауап берген. Содан бері олар біздің елшілікті күзетіп отыр», – деді Ақан Рахметуллин. Вице-министр сонымен бірге Қазақстан әлі «Талибан» қозғалы­сын мойындамағанын айтты. «Біз ешбір ел талибандықтармен дипломатиялық қарым-қатынасты мойындады немесе орнатты деп айта алмаймыз. Бәрі олардың әре­кеттері мәлім­демесіне сәйкес келе­тінін және олардың келіссөзге қаншалықты бейім екенін бақылап отыр», – деді ол.

М.БАҚЫТЖАН